640 мың теңгеден бастап: Қазақстанда қай маман иелері жоғары жалақы алатыны белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:28
- 59
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
- Enbek.kz мәліметтері бойынша, жұмыс берушілер қарашада бас құрылысшыларға (640 мың теңгеден бастап), өндірістік учаске бастықтарына (595 мың теңгеден бастап), авиациялық диспетчерлерге (568 мың теңгеден жоғары) ұсынған.
"Ал ең жоғары жалақы күту деңгейі пилоттарда (орташа 1,9 миллион теңге), коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшыларында және бас геологтарда (шамамен 1,2 миллион теңге) байқалды", - делінген хабарламада.
Ең сұранысқа ие мамандықтар ішінде:
- мейірбике/мейіргер – 1,9 мың,
- санитар – 1,8 мың,
- тәрбиеші және автомобиль жүргізушісі.
Қарашада Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында 101,1 мың вакансия жарияланған, олардың 73 пайызы біліктілікті талап ететін лауазымдар. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23 пайызға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26 пайызға азайды.
Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырған, бұл қазан айымен салыстырғанда 11 пайызға төмен.
Министрлік мәліметінше, вакансиялар санының азаюы маусымдық факторлармен байланысты.
Вакансиялар саны бойынша көш бастап тұрған өңірлер:
- Түркістан облысы (11,1 мың),
- Астана (9,3 мың)
- Алматы (7,2 мың).




