Жаңа жыл қарсаңында полицейлер қазақстандықтарға ескерту жасайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:44
- 135
Пиротехника сатып аларда сақ болыңыз. Жаңа жыл қарсаңында дәл осы отшашудың кесірінен өрт көбейеді. Алматылық полицейлер мен төтеншеліктер қауіптің алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактика және түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "КТК" арнасы.на сілтеме жасап.
Мамандар тұрғындарға пиротехника өнімдерін тек сертификатталған, рұқсат етілген орындардан ғана сатып алу керек екенін ескертеді. Пайдалану нұсқаулығын да қатаң сақтаған жөн. Кәмелетке толмағандарға отшашу ұстауға қатаң тыйым салынады.
Осы орайда мектептер мен білім беру ұйымдарында қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге арналған кездесулер өткізіліп жатыр. Ал базарлар мен сауда орындарындағы кәсіпкерлермен профилактика жүргізілуде.
"Мақсатымыз жазалау емес, алдын алу екенін атап өткім келеді. Мереке күндері тыныш әрі оқыс оқиғасыз өткенін қалаймыз. Балалар мен ересектердің қауіпсіздігі ортақ жауапкершілігіміз. Барша азаматты тек сертификатталған өнім таңдауға және балалаға пиротехниканы өздігінен қолдануға қатаң тыйым салуға үндейміз", - дейді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.




