Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Декретке миллионмен: қазақстандықтар көп төлем алу үшін «16 жұмысқа тіркелген»

Декретке миллионмен: қазақстандықтар көп төлем алу үшін «16 жұмысқа тіркелген»
Сурет: aquamama.kz
Жүктілік және босану бойынша көп төлем алу үшін “16 жұмысқа тұрған“

Жоғары аудиторлық палата азаматтарды зейнетақымен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аудит қорытындысына сәйкес елімізде жыл сайын зейнетақы, жәрдемақы алушылардың саны да, төлем сомасы да артып келеді. Соңғы бес жылда:

  • орташа ынтымақты зейнетақы 37 пайызға,
  • базалық зейнетақы 45 пайызға артқан,
  • мемлекеттік жәрдемақылардың орташа мөлшері 58 пайызға,
  • Әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер 2,5 есеге ұлғайған.

Сонымен қатар аудит қорытындысы бойынша назар аударуды және жетілдіруді қажет ететін бірқатар бағыт бар.

  • Зейнетақы алушылар туралы халықаралық ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру қажет. Бұл қосарланған төлемдердің алдын алуға мүмкіндік береді.
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар тарапынан зейнетақы жарналарының тұрақтылығы мәселесі өзекті болып отыр. Бұл өте маңызды, өйткені зейнетке шыққан кезде ұсынылған төлем деңгейін алу үшін жинақ жеткілікті болуы керек.
  • Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін басқару тиімділігін арттыру үшін жекелеген практикалар мен тәсілдер қайта қарауды немесе жіті бақылауды қажет етеді.

Аудит жүктілік және босану бойынша жоғары төлем алу мақсатында кірістерді және жұмыс орындарының санын жасанды көбейту жағдайларын да тіркеген.

"Кейбір жағдайларда аударымдар бір мезгілде 3-10 жұмыс орнынан түсіп отырған, ал 169 адам 16-дан астам ұйымда есепте тұрған. Мұндай деректерді болдырмау үшін нормативтік базаны пысықтау қажет", - делінген хабарламада.

Аудиторлар мұндай схемалардың алдын алу үшін нормативтік базаны жетілдіру қажет екенін атап өтті.

"Сонымен қатар Әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сенімгерлік басқарудан шамадан тыс алу деректері тіркелген. Бұл 216 миллиард теңгеден астам сомаға активтерді тиімсіз пайдалануға әкелді. Әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшері туралы норманың болмауы, сондай-ақ төлем алушылардың табысын растауда мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі шамамен 96 миллиард теңге Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерінің жоғалуына әкелді", - делінген қорытындыда.

Аудит қорытындысы бойынша 5 миллион теңгеге қаржылық заңбұзушылықтар, 216,2 миллиард теңгенің тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

  • 46 жүйелі кемшілік анықталған.
  • 22 материал әкімшілік жауаптылықты қарау үшін берілген.
  • 2 факт бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілген.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар