«Өз-өзін өлтірген жоқ, кісі қолынан кетті»: Алматыда жетінші қабаттан құлап қайтыс болған Ақнәрдің анасы істің созылып кеткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025
- 192
Алматыда тұрғын үй кешенінде жетінші қабаттан құлап қайтыс болған 22 жастағы Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс әлі де соңына жетпеді. Марқұмның анасы тағы да үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Гүлстан Хамит журналист Жанар Байсемізге сұхбат беріп, із созылып кеткенін айтты.
"Қызымның өліміне байланысты бір жарым жылдан бері қарай әділет іздеп, шарқ ұрып жүрген анамын. Бармаған есігім, жазбаған шағымым, көріспеген адамым қалмады. Бірақ күні бүгінге дейін іс созбалаңға салынып келеді. ...Қызымның бас бармағы түбімен жұлынған. Денесінде қылғындырған із бар. Білегін тістеген. Үлкен дене жарақаттары болған", - дейді ол.
Ол қызының кісі қолынан қаза тапқанын айтады.
"Маған қызымның ар-ожданын ақтап алу керек. Ол өз-өзін өлтірген жоқ, кісі қолынан кетті. Ап-анық көрініп тұр", - деді ол.




