Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек

Шымкентте жаңа жылдық безендәріуге 99 миллион теңге қаржы бөлінбек
Сурет: kommersant.ru
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге 100 миллионға жуық қаржы бөлінетіні айтылды.

Шымкент қаласының әкімі биыл жаңа жылдық безендіруге 99 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифингте ол биыл табиғи шырша орнатуды жоспарлап отырғанын айтты. Шығынды үнемдеу үшін өткен жылдан қалған материалдар декорацияға пайдаланылады екен.

Ғабит Сыздықбеков 2025 жылы қалада жаңа жылдық мерекені атап өтуде, барлық бағыттар бойынша үнемдейтінін алға тартты. 

"Өткен жылы қолданылған барлық материалдар аудандық қоймаларда сақталған және қайта пайдаланылатын болады. Бізде бес аудан бар, плюс орталық алаң, онда шырша орнатылады. Биыл менің бастамам бойынша табиғи шырша орнатуды жоспарлап отырмыз", –  деді ол.

2024 жылы безендіруге 80 миллион теңге бөлінген болатын. Ал Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев биыл жаңа жылдық шығындарға тек 11 миллион теңге бөлінетінін жеткізді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар