Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте туған әкесі 15 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келген

Шымкентте туған әкесі 15 жастағы қызын төрт жыл бойы зорлап келген
Сурет: SUD.UA
Шымкентте 15 жастағы қызға туған әкесі зорлық көрсетіп келген.

Шымкент қаласында 15 жастағы қыз бала соңғы төрт жыл бойы туған әкесінен зорлық көрген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Шымкент полициясының мәліметінше, осы іске қатысты арыз түсе сала күдікті қолға түскен.

 «Шымкент полициясы кәмелетке толмаған қызға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Күдікті тұлға тез арада ұсталып, сот қаулысы негізінде қамалды», – деп хабарлады біздің ресми сауалымызға жауап берген дереккөз.

Тергеу әрекеттері әлі аяқталған жоқ. Арыз жазған адам мен қыз баланың уәждеріне байланысты дәлелдер жиналып жатыр.

Айта кетейік, полиция қыз баланы әкесінің інісі де зорлап, оның түсік тастағаны туралы ақпаратты растаған жоқ.

«Жәбірленушінің жауабына сәйкес, оған қатысты өзге тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттері расталмады. Жүктілік пен жасанды түсік тастау туралы мәлімет шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады Шымкент полициясы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар