Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдыз Сүлейменова: Пәндер бірікпейді, бұл-нақты шешім (Видео)

Жұлдыз Сүлейменова: Пәндер бірікпейді, бұл-нақты шешім (Видео)
baq.kz
Ал қазір — тұрақтылық бар: пәндер өз орнында қалады.

Оқу-ағарту  министрі Жұлдыз Сүлейменова көптен бері көпшілік талқылауында жүрген мектеп пәндерінің бірігуіне қатысты мәселеге нүкте қойды. Бұл жөнінде PHD докторанты айдана Сәрсенбекқызы желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды Kyn.kz.

"Білім беру жүйесінде ең маңызды нәрсе — сапа.
Ал сапа — әр пәннің өз саласы, өз тереңдігі, өз бағдарламасы сақталғанда ғана болады.
Сондықтан пәндер бірікпейді.
Өйткені:
 Әр пән — жеке ғылым.
Физика математикаға ұқсамайды, тарих биологияны алмастырмайды. Олардың өз логикасы, өз методикасы бар.
 Мұғалім — өз саласының маманы.
Мамандықтың қадірі сақталуы үшін әр пән бөлек дамуы керек.
 Оқушы терең білімге лайық.
Пәндерді біріктіру — білімді жеңілдету емес, керісінше, сапаны төмендету қаупі.
 Бағдарлама нақты, бағыт тұрақты.
Білім реформасы тұрақсыз болса, оқушы да, мұғалім де, ата-ана да қиналады.
Ал қазір — тұрақтылық бар: пәндер өз орнында қалады.
Бұл шешім — дәл бүгінгі білім беру жүйесіне қажетті нық қадам.
Түсіндіруі айқын, бағыты нақты, мақсаты анық министр",-деп жазды желі қолданушысы Айдана Сәрсенбекқызы.


 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар