Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген

Ақмола облысында діни топ «еркін жыныстық қатынасты» насихаттап келген
Сурет: видеодан скриншот
Еркін жыныстық қатынасқа түсуді насихат етіп келгендер ұсталды.

Ақмола облысында еркін жыныстық қатынастарды насихаттап келген діни топ ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірнеше өңірінде «STOP-трафик» науқанын өткізу барысыенда, Ақмола облысында бірнеше діни топтың заңсыз әрекеті әшкере болған.

Бұл топтар «рухани орталықтың» кейпін жамылып, адамдарды азғындыққа шақырған.

«Аталмыш топ еркін жыныстық қатынастарды және отбасылық құндылықтардан бас тартуды насихаттайтын «рухани орталық» ұйымдастырған. Тінту барысында діни әдебиеттер, атрибуттар мен ритуалдық заттар табылды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу басталды», - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.


Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар