Бишімбаевтың әкесі Салтанат Нүкенованың 40 күндік асына 1,5 миллион теңге бергендерін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:15
- 35
Астана сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы Бекзат Кемеловаға қатысты алаяқтық бойынша іс жалғасуда. Сотта Уәлихан Бишімбаевтан жауап алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сотта Бишімбаевтың әкесі марқұм Салтанат Нүкенованың 40 күндік асына берілген ақша туралы айтып берді.
“Ол күні туыстар болып делегация болып бардық. Кешірім сұрау үшін және басқа да мәселе де үшін бардық. 1,5 миллион теңге Қайраттың қолында болды. Ол ақшаны Нүкенованың әкесіне берді. Ақшаны Қайратқа әйелім 40 күндік асына деп берген. Қайрат 1,5 миллион теңгені қалтасынан шығарып, тапсырды”, – деді Уәлихан Бишімбаев.
Кемелов Нүкеновтермен араласқан. Солай ол делдалдың рөлін өз мойнына алғанын айтты. Ал Бишімбаевтың басқа туыстары Нүкеновтермен араласпаған.
Бишімбаевтің әкесі жаназадан кейін Кемелов Салтанат Нүкенованың ата-анасын мейрамханаға шақырғанын айтты. Ол жерде Бишімбаевтар отбасы да болған.
“Ешқандай мәселе талқыланбады. Бұл жай ғана туыстардың кездесуі болды”, – деді Уәлихан Бишімбаев.
Уәлихан Бишімбаев өзiнің немесе жұбайының ұлдары үшін қосымша сараптама талап етіп немесе қандай да бір анықтама алуға өтініш жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетсек, қорғау тарапының нұсқасы бойынша, Уәлихан Бишімбаев пен Әлмира Нұрлыбекова Қайрат Кемеловтен сот-медициналық сараптама нәтижесіне ықпал етуді және Қуандық Бишімбаевтың "есі дұрыс емес" деп танылуына көмектесуді сұраған делінген.
Уәлихан Бишімбаев бұл ақпаратты толықтай жоққа шығарды.
Бишімбаев сондай-ақ ұлына анықтама алу үшін арнайы психиатриялық мекеменің директорына шығуды өтінді деген ақпаратты да жоққа шығарып, “ойдан шығарылған сандырақ” деп атады.
“Менің інім бар болғаны “СК-Фармацияда” менеджер болып жұмыс істейді. Ондай жағдай ешқашан болған емес. Біз ондайды ешқашан сұраған жоқпыз. Тіпті ойымызда да болмаған”, – деп түйіндеді Бишімбаев.


