Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде алдағы үш күн аяз болады

Елімізде алдағы үш күн аяз болады
Сурет: kobrincity.by
Алдағы күндері қар жауып, күн суытады.

Синоптиктер 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағында қар, боран болады, ал елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда боран соғады.

"Республика бойынша жел күшейіп, екпіні секундына 15–20, кей жерлерде 23–28 метрге дейін жетеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман болжанады", - деді синоптиктер.

  • елдің батыс өңірлерінде түнде температура 10–18 градустан 3–13 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0–15 градус аяздан 3 градус аяз – 5 градус жылыға дейін ауытқиды;
  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде 7–15 градустан 12–28 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5–15 градустан 8–18 градус аязға дейін суытады;
  • елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 3–11 градустан 5–20 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5 градус аяз – 2 градус жылыдан 1–13 градус аязға дейін болады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар