Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде мереке күндеріне байланысты қосымша 100 рейс ашылады

Елімізде мереке күндеріне байланысты қосымша 100 рейс ашылады
Сурет: rabstol.net
Мереке күндерінде әуежайлар мен әуе комнаиялары жұмысты күшейтеді.

Мереке күндері әуежайлар мен әуе компаниялары жұмысты күшейтіп, қосымша 100 рейсті іске қосады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында сұраныстың артуына байланысты келесі бағыттар бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр:

  • Астана – Алматы,
  • Алматы – Орал,
  • Алматы – Семей,
  • Астана – Түркістан,
  • Астана – Ақтөбе,
  • Алматы – Ақтау,
  • Алматы – Ақтөбе,
  •  Астана – Шымкент.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселе пысықталды. Оған Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компанияларының, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әуежайлары басшылығы қатысты. Ластаев авиация инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құруды тапсырды.

Әуе компаниялары мен әуежайларға:

  • үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің резервін және қосымша жерүсті техникасын қарастыру;
  • персонал құрамын тәжірибелі мамандармен күшейтіп, рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету аясында ыстық тамақ пен сусындардың берілуін қамтамасыз ету;
  • рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайлардағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету тапсырылды.

"Жолаушыларға рейстердің мәртебесі мен ұшу уақытын әуекомпаниялары мен әуежайлардың анықтама қызметтері, сондай-ақ ресми сайттар мен мобильді қосымшалар арқылы алдын ала нақтылау ұсынылады.

Әуекомпаниялары мен әуежайлар қабылдап жатқан барлық шара, ең алдымен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты объективті себептермен туындайтын рейстердің кешігуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар