Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Air Astana ұшағынан түтін шығып, Алматы әуежайына шұғыл қонды

Air Astana ұшағынан түтін шығып, Алматы әуежайына шұғыл қонды
Сурет: Air Astana ұшағынан
Алматы-Астана бағыты бойыныша ұшқан Air Astana ұшағы апат сигналын жіберіп, әуежайға қонды.

Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында "Эйр Астана" АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесімен авиациялық оқиға болды.

"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ сағат 07:40-та қонған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтап жатыр".

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар