Ақтөбеде оқушы анасын өлтіріп, әжесін жарақаттады: немересі шабуыл жасаған әйел ауруханадан шығарылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:17
- 217
Ақтөбеде өз немересі пышақпен шабуыл жасап, жарақат салған әйелдің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап .
2 желтоқсанға қараған түні 71 жастағы әже көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның мойны, жамбасы, иығы мен қолынан бірнеше рет пышақталғанын анықтаған.
Сонымен қатар қабырғалары сынған, кеуде қуысы мен іш қуысының жабық жарақаты тіркелген.
"Әйел жансақтау бөліміне жатқызылды, жарақаттары тігілді. Ол сөйлей алмай, нашар еститін күйде болды. 15 желтоқсанға қарай науқастың жағдайы жақсарып, өздігінен жүре бастады", – деді аурухананың бас дәрігері Қыдырбек Иманбаев.
Дәрігерлердің айтуынша, әйел ауруханадан шығарылып, әрі қарай емін үй жағдайында жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да құрбысын өлтірген әйел оның мәйітінің жанына жазба қалдырған
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 желтоқсан, 2025




