Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Әкеме анамды әмеңгерлікпен қосқан»: «Келінжан» сериалындағы Күлімхан апа отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

«Әкеме анамды әмеңгерлікпен қосқан»: «Келінжан» сериалындағы Күлімхан апа отбасы туралы айтты (ВИДЕО)
Сурет: www.instagram.com/leilobeknazar60
"Келінжан" сериалындағы Күлімхан апаның рөлін сомдайтын актриса отбасы туралы айтып берді.

Театр және кино актрисасы Лейло Бекназар әкесі мен анасы туралы айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы “Өмір өрнегі” бағдарламасына сұхбат берді. Актрисаның айтуынша, ата-анасы әмеңгерлікпен бас қосқан.

“Анамның бірінші жолдасы Құдайберген деген кісі болған. Ол менің әкемнің інісі екен. Екі бала жетім қалмасын деп менің әкеме әмеңгерлікпен алып берген. Ал менің әкемде бала болмаған екен. Әкемнің бірінші әйелі қырғыздың қызы болған, ол кісі қайтыс болғаннан кейін балаларды жылатпайық деп әкеме қосыпты. Әкем оларды өзінің туған балаларындай жақсы көрген”, – дейді актриса.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар