Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Иіс бүкіл подъезді алып кетті»: Атырауда ер адамның мәйіті пәтерде 21 күн жатқан

«Иіс бүкіл подъезді алып кетті»: Атырауда ер адамның мәйіті пәтерде 21 күн жатқан
Сурет: el.kz
Атырауда ер адамның көз жұмғаны үш аптадан кейін ғана белгілі болған.

Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде бір-ақ белгілі болған. Осыған дейін кіреберісте қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған, дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар кіреберісті өз күшімен ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.

«Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, «Белизнамен» жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрыс екенін де білмейміз», — дейді көршілердің бірі. 

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар