Астанада үстіне кондиционер құлап қаза тапқан фельдшердің өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:37
- 42
Астанада үстіне кондиционер құлап, қаза болған фельдшердің қазасына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Бұл оқиғаға байланысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "КТК" арнасы. арнасына сілтеме жасап.
"Кондиционердің құлау фактісі бойынша сапасыз құрылыс дерегі және адам өміріне қауіп төндірген қызмет көрсету фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғадық. Бұл оқиғада фельдшер қаза тапты. Қазір әділет министрлігінің сарапшылары осы қылмыстық іс аясында бірқатар сот сараптамасын жүргізіп жатыр, нәтижесін күтіп отырмыз", - дейді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
Еске салсақ, 8 қарашада Астанада тұрғын үйдің қасбеті құлап, бірнеше адам жарақат алған. Оқиға орнында зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге келген фельдшердің үстіне сол сәтте кондиционер құлап, ол ауыр жарақат алған.
Ұлдана Мырзуан жансақтау бөлімінде он күн жатып, ақыры есін жиған жоқ. Қала әкімдігі мен профильдік министрлік те осы оқиғаға қатысты арнайы тексеру жүргізіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Air Astana ұшағынан түтін шығып, Алматы әуежайына шұғыл қонды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025
Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 желтоқсан, 2025




