"Жол апатынан 2 адам қаза тапты": Шавкат Рахмоновтың жұбайына қатысты тергеу ісі сотқа жолданады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:48
- 1
Мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты жол апаты бойынша іс жақында сотқа жолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталуға жақын.
"Жол-көлік оқиғасына қатысты іс аяқталуға жақын. Осы аптада сот-медициналық сараптаманың қорытындысын аламыз деп күтіп отырмыз, содан кейін күдікті тұлғаның әрекеттеріне баға беріп, прокуратура арқылы сотқа жібереміз", - деді ішкі істер вице-министрі.
Айта кетсек, 28 шілдеде желіде Жамбыл облысында жол апаты болып, оқиға орынанан видео тарады. Жазбада "көлікті белгілі қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әйелі жүргізді" деген ақпарат пайда болды. Полиция бұл ақпаратты ресми түрде растамады – олар көлікте болғандардың жеке деректерін жариялаған жоқ.
Алайда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
«Арманымды асырғым келеді»: Назым Қызайбай көлігін сатпақ
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 желтоқсан, 2025



