Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысында көпір құлады (ВИДЕО)

Түркістан облысында көпір құлады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Түкістан облысында көліктер жүріп жүрген көпір құлады.

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар КХ-20 автожолындағы көпір опырылып түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпірдің құлаған сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Алдын ала қауіп белгілері анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылды. Адам шығыны мен материалдық залалға жол берілген жоқ.

«Оқиға болған сәттен бастап Келес ауданы әкімдігі тарапынан тиісті қызметтер шұғыл түрде жұмылдырылды. Қазіргі таңда төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Жағдайға байланысты барлық қажетті шара кезең-кезеңімен атқарылады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар