Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«70 мың теңге кетеді»: жаңа жыл дастарханына қанша кететіні есептелді

«70 мың теңге кетеді»: жаңа жыл дастарханына қанша кететіні есептелді
Сурет: today.ua
Жаңа жылда дастархан жасау үшін, азық-түлікке қанша кететіні белгілі болды.

Жаңа жыл қарсаңында базарларды шарлап, дүкендерге бас соққан сауда министрлігі мерекелік дастарханға орта есеппен 70 мың теңге кетеді деген тоқтамға келіпті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Бұл былтырғымен салыстырғанда, қажет азық-түлік себетінің 2 мың теңгеге қымбаттағанын көрсетіп отыр дейді жауапты ведомство.

Жаңа жыл қарсаңында, әдетте әуре-сарсаңға түсіп, азық-түлікке кезекке тұрып кететін қазақстандықтарға сауда министрлігі басу айтып, биыл баға тұрақты деп сендірді. Тіскебасар сәнін келтіретін қызанақ пен қиярдың, сиыр еті мен балық бағасын тұрақтандыруға жауаптылар қазірден күш салып жатыр. Ол үшін министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себетіндегі тауар санын 19-дан, бірден 31-ге арттыруды көздеп отыр.

«Ең қажет деген 37 тауарды алып, оның бағасын есептедік. Оған ет, тауық, көкөністер, тіскебасарға қажет өнімдер жатады. Кейбір азық-түлік түрі арзандаған, кейбірі, керісінше. Нақтырақ айтсақ, орта есеппен 2000 теңгеге, жаңа жылдық ас мәзіріне қажетті өнімдер қымбаттаған», - дейді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің комитет төрағасы, Ернұр Жәутікбаев.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар