АҚШ-тағы атыстан кейін грин-картаға қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм күдіктінің елге 2017 жылы DV-1 бағдарламасы арқылы кіріп, кейін грин-карта алғанын мәлімдеді.
13 желтоқсанда Род-Айленд штатының Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде атыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі – Өзбекстаннан келген студент Мұхаммад Азиз Умурзоков.
«Президент Дональд Трамптың тапсырмасымен USCIS-ке (АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметі – ред.) DV-1 бағдарламасын дереу тоқтату жөнінде нұсқау бердім. Бұл апатты бағдарламаның кесірінен енді бірде-бір америкалық зардап шекпеуі тиіс», – деді Кристи Ноэм.
Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропалық одақпен визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, шенген визасын алу тәртібі келесі жылы жеңілдеуі мүмкін.
Тоқаев БҰҰ университетінде дәріс оқыды
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев "Орталық Азия – Корея Республикасы" бизнес-саммитінде сөз сөйледі
- авторТомирис Тоныкөк
- 16 қыркүйек, 2026




