Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда бас шырша ұлттық нақышта безендірілді: бес жұлдыздың орнына сәукеле кигізілген

Павлодарда бас шырша ұлттық нақышта безендірілді: бес жұлдыздың орнына сәукеле кигізілген
Сурет: видеодан скриншот
Павлодарда бас шырша биыл ерекше безендірілген.

Павлодардағы бас шырша биыл ұлттық нақышта безендірілді. Қала басшылығы алып шыршаның ұшындағы бес жұлдыздың орнына сәукеле кигізген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап.

Алаңға жиналған мыңдаған тұрғын басты шырша жанғанда таң қалғанын жасыра алмады. Жаңа жылдың бас шыршасы басына сәукеле киіп жарқ ете қалған. Пішіні қызға ұқсас сән-салтанатымен иіліп тұрғандай мүсіннің басына сәукеле жарасып-ақ тұр.

Қала жұртына қуаныш сыйлаған шарада түрлі байқау өтіп, ән шырқалып, би биленді. Жалпы шырша мен қаланы жаңа жыл мерекесіне безендіру былтырғымен салыстырғанда сегіз есе арзанға түсіпті. Өйткені бұрынғы атрибуттар әдеттегідей қоқысқа кетпей, ұқыпты жиналған. Сөйтіп биыл қайта пайдаға асырылып, бюджет шығынын қысқартып отыр. 
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар