Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда баланың басына ота жасалып, бес жыл бұрын қалған ағаштың сынығы алынды

Павлодарда баланың басына ота жасалып, бес жыл бұрын қалған ағаштың сынығы алынды
Сурет: Pavon.kz
Павлодарда баланың басында ағаштың сынығы қалып қойған.

Павлодарда дәрігерлердің қателігінен 10 жасар баланың бас терісінің астында ағаш сынығы бес жылдан кейін алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Pavon.kz басылымына сілтеме жасап.

2020 бес жасар бала ағаштан құлап, жарақат алған. Ауылдық ауруханада оның жарасы өңделіп, тігіліп жіберілген. Бірақ жара ұзақ уақыт бойы жазылмай, кейде қабынып отырған. Бұл ата-анасын алаңдатқан.

Сөйтіп бала 10 жасқа келгенінде нейрохирургтың қабылдауына барған. Дәрігер тексеру барысында шұғыл түрде операция жасау қажет деген шешім қабылдаған. Ота кезінде баланың самай тұсы аймағынан осы уақытқа дейін тері астында жатқан ағаштың бір бөлігі алынды.

«Алғашында жарақат аса қауіпті болып көрінбегенімен, бес жылдан кейін салдары анық байқалды. Анасының айтуынша, бала ағаштан құлап, басынан жарақат алған. Жара ашық болған. Сол кезде олар тұрған өңірдегі орталық аудандық ауруханада жараны өңдеп, тігіп берген», – деді балалар травматолог-ортопеді, нейрохирург Талғат Қасымбеков.

Жараның жазылуы ұзаққа созылған. Жарақаттан кейін шамамен бір жыл бойы жара ара-арасында қабынып отырған. Кейін бөгде затты алып тастау мақсатында тағы бір хирургиялық араласу жасалған. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы жараның ізі білінбеген.

Алайда соңғы 2-3 айда баланың самай тұсы ісіне бастапты. Осыған байланысты анасы баласын қайтадан дәрігерге апарған. Жұмсақ тіндерге жасалған ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде кальцинат – кальций тұздарының жиналуына байланысты түпкі проблема анықталған. Осыдан соң бала нейрохирургқа жіберілген.

Ауруханада барлық қажетті талдау алынып, бас миының компьютерлік томографиясы жасалған. Зерттеу нәтижесінде бөгде заттың бар екені нақтыланған.

«Операция жасалып, бөгде зат сәтті түрде алынды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді. Жақын күндері ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр», – деді Талғат Қасымбеков.

Дәрігерлер тіпті ескі жарақаттардың өзі бірнеше жылдан кейін асқынуға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар