Әлеуметтік төлемдер кімдерге беріледі: қалай алуға болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:01
- 1
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54 мың отбасындағы 290,6 мың адамға 30,3 миллиард теңге сомасында тағайындалды. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 98,4 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, АӘК мыналарды көздейді:
- табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 90,5 мың балаға 3,7 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.




