«Қар, көктайғақ»: синоптиктер Қазақстанның бірнеше өңіріне ескерту жариялады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:41
- 20
24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ.
Жезқазғанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 15-20, облыстың батысында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 25-30, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. 26 желтоқсанда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 25 желтоқсанда екпіні 15-20 м/с. 25 желтоқсанда ауа температурасының түнде және күндіз 17-19 градус аязға дейін күрт төмендеуі, 26 желтоқсанда түнде 27-29 градус аязға дейін әрі қарай төмендеуі күтіледі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Атырауда көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
Ақмола облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Көкшетауда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаевта түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада 24 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Астанада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ.
Ақтөбе облысының солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтөбеде көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Павлодарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, бұрқасың, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Қостанайда таңертең және күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
"Мені балам өлтірмекші": Түркістан облысында қария ұлынан қорлық көргенін айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025
Алматыда оқушысын өлтірмек болған 18 жастағы студентке қатысты жаңа мәлімет шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 23 желтоқсан, 2025




