Түркістан облысында шетел азаматына 16 жастағы қызды зорлап өлтірді: ер адамға қатысты сот үкімі шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:01
- 1
Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтірді деп айыпталған күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар сот шешімімен ол марқұмның туыстарына моральдық зиян келтіргені үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. Қылмыстық іс "Кісі өлтіру", "Зорлау" және "Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері" баптары бойынша қаралды.
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындамай, өзін ақтауды сұраған. Алайда тергеу материалдары оның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді. Еске салайық, қайғылы оқиға биыл маусымда Төрткүл ауылында болған. Дүкенде жұмыс істеген жасөспірім қыз үйіне қайтып бара жатқан кезде із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі күні полиция марқұмның денесін жол бойындағы балабақша маңынан тапқан. Күдікті ретінде дүкен маңында жұмыс істеген шетел азаматы ұсталды. Істің ерекшелігіне байланысты негізгі сот отырысы жабық режимде өтті.
"Исамединовқа түпкілікті педогогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Исамединовқа жазаны қылмыстық атқару жүйесінің мекемесінде өтеуді белгілеп, қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын", - деді Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.



