Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

2026 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі

2026 жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі
Сурет: ramsaydiagnostics.ru
Жаңа жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы көтеріледі.

2026 жылдан бастап кейбір медицина қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Хабарламада жаңа жылдан бастап инфекциялық қызмет мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы өсетіні айтылған. 

«2026 жылдан бастап инфекциялық қызмет мамандары мен жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысы қосымша өсіріледі. Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі», – делінген министрліктің хабарламасында.

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылған.

«Сонымен қатар 2,1 мыңнан астам жедел жәрдем фельдшерін бейнежетондармен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Медициналық ұйымдарда жасанды интеллект талдау жүйесі бар бейнебақылау орнату және 626 қабылдау бөлімшесіне дабыл түймесін қою жоспарланып отыр», – деп түсіндірді министрлік.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар