Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтауда дәрігер баланың әкесін ашуландырған ба?: Әлназарова Ақтауда хирургке шабуыл жасаған ер адамға қатысты айтты

Ақтауда дәрігер баланың әкесін ашуландырған ба?: Әлназарова Ақтауда хирургке шабуыл жасаған ер адамға қатысты айтты
Сурет: видеодан скриншот
Ақтауда ер адам хирургқа шабуыл жасаған. Бұған қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді. Ол дәрігер жанжалға өзі себепкер болғанын растайтын негіздер бар-жоғын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Үкіметте өткен брифингте Ақмарал Әлназарова Ақтауда хирургқа шабуыл жасаған ер адамды дәрігер арандатқанына әзірге ешқандай дәлел жоқ екенін мәлімдеді.

"Дәрігер баланың әкесін осындай жағдайға жеткізді деген мәлімдемелер әзірге ешқандай дәлелмен расталған жоқ. Егер қылмыстық іс аясында мұндай жайт анықталса, тиісті шаралар қабылданады. Қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның мән-жайына құзырлы органдар құқықтық баға береді", - деп жауап берді Әлназарова.

Сонымен қатар министр Қазақстан бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету фактілері бойынша 50-ге жуық қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің жаңа бабы 2026 жылғы 7 наурыздан бастап күшіне енген.

Медицина қызметкерінің өміріне қауіп төндіретін зорлық-зомбылық үшін ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салсақ, 31 қазанда науқас баланың әкесі Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде медицина қызметкеріне шабуыл жасаған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал дәрігер өзінің кәсіби міндеттерін орындап жатқан кезде басталған. Ол көмек сұрап келген ер адамға баласының жағдайын түсіндіріп, белгілі бір препаратты тағайындау қажеттігін айтып жатқан.

Сол сәтте баланың әкесі тарапынан агрессивті әрекеттер жасалып, бұл бейнебақылау камерасына тіркелген.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар