Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1414 нөмірінен келетін SMS: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

1414 нөмірінен келетін SMS: Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет: unsplash
Бас прокуратура 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаларына қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстанда жыл басынан бері телефон алаяқтарының құрбаны болғандар саны 6 100 адамнан асты. Бас прокуратура 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаларды пайдалану арқылы жасалатын кең тараған алаяқтық схемалар туралы ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қадағалау органының мәліметінше, қаскөйлер алдымен 1414 қысқа нөмірінен SMS-код жібереді, кейін өздерін мемлекеттік органдардың, банктердің немесе курьерлік қызметтердің қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалып, кодты айтуыңызды сұрайды.

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі 1414 арқылы жұмыс істейтін жүйелерге қол жеткізу енді тек биометрия (Face ID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе eGov QR арқылы ғана мүмкін болатынын хабарлаған. Желтоқсан айынан бастап бұл талаптарды енгізбеген сервистер 1414 жүйесінен ажыратылады.

         •        Мемлекеттік органдар мен банктер бір реттік SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін және құпиясөздерді сұрамайды.

         •        Ақша аудару үшін арналған «қауіпсіз шоттар» деген ұғым жоқ.

         •        Жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіз және күмәнді қоңырауларға сақтықпен қараңыз.

         •        Күмән туындаған жағдайда банкке немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға тікелей хабарласыңыз.

         •        Кибергигиенаны сақтаңыз: ресми қосымшалар мен сервистерді қолданыңыз, сілтемелер мен хабарламаларды мұқият тексеріңіз.

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар