Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сізді сүйіспеншілікпен еске аламыз»: Асанәлі Әшімовтің үшінші некесінен туған қызы жазба қалдырды

«Сізді сүйіспеншілікпен еске аламыз»: Асанәлі Әшімовтің үшінші некесінен туған қызы жазба қалдырды
Сурет: https://www.instagram.com/aboutsagina/
Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әкесі туралы жантебірентерлік жазба жариялады.

КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасына әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол жазбасында әкесіне деген шексіз сағынышын жеткізіп, оқырмандардың жүрегін елжіретті.

«Әкем…
Жүрегімнің ішінде жүрегі.
Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз
21.12.2025», – деп жазған ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар