Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 желтоқсан, 2025
- 290
Астанада жауған жаңбырдың салдарынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктайғаққа қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға шақырды: көшеде жүргенде, әсіресе жолдан өту кезінде мұқият болып, таймайтын аяқ киім киіп, мүмкіндігінше алыс жолға шықпаған жөн.
«Жүргізушілерге көріну деңгейінің төмендеуін және жолдың тайғақ болуын ескеріп, жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтау, сондай-ақ көліктің техникалық жағдайын және шиналардың ауа райына сәйкестігін тексеру ұсынылады», - деп жазылған хабарламада.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөмірі арқылы жедел қызметтерге хабарласу қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада Қазақстан жұмыс берушілері қауымдастықтарының I Ұлттық форумы өтеді
- авторkyn.kz
- 14 мамыр, 2026




