Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге бөлді

Қазақстан Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге бөлді
Сурет: sport.24tv.ua
Биыл Қысқы Олимпиадаға бюджеттен 13,3 миллиард теңге жұмсалады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының  дайындығына мемлекеттік бюджеттен 13,3 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 6–22 ақпан аралығында өтеді. Ұлттық команда 10 спорт түрінен 58 медаль үшін таласады. Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысуы мүмкін. 

“Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық қысқы спорт түрлері командалары 178 оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Сондай-ақ біздің спортшылар 125 халықаралық жарысқа қатысты. Қаржы көлемінің жалпы сомасы 13,3 миллиард теңге”, — деді Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, спортшыларды дайындау үшін министрлік Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусьтен жоғары деңгейлі 13 шетелдік тренер-консультант шақырған. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар