Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Сурет: gov.kz
Тарихи жеңіс: Бибісара Асаубаева блицтен үш дүркін әлем чемпионы болды.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Катар астанасы Дохада әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық ару Бибісара Асаубаева жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттгі.

Асаубаева швейцариялық жүйе бойынша өткен турнирде 15 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда қытайлық Чжу Цзиньэрді үш партияда да жеңіп, финалға шыққан. Ақтық кезеңде Бибісара Асаубаева украиналық Анна Музычукпен кездесіп, алғашқы үш партия тең нәтижемен аяқталды. Ал төртінші партияда Бибісара қарсыласынан басым түсті.

Осылайша небәрі 21 жастағы қазақ қызы Бибісара Асаубаева Қазақстан тарихында блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы шахматшы болды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар