Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады

Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
Сурет: optimism.kz/
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жылдағы жұмыс кестесі.

Жаңа жыл мерекелері күндерінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесі қалай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, 1, 2 және 7 қаңтар күндері ХҚКО-лар, оның ішінде автокөлік иелеріне қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтар да жұмыс істемейді.

Кезекші орталықтар азаматтарды 3 қаңтар, сенбі күні қабылдай бастайды. Жұмыс уақыты – 9:00-ден 13:00-ге дейін.

5 және 6 қаңтар жұмыс күндері болып саналады. Сондықтан барлық ХҚКО әдеттегі режимде қызмет көрсетеді. Жұмыс күндері азаматтарды қабылдау 9:00-де басталып, 18:00-де аяқталады. Кезекші және мамандандырылған орталықтар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар