Қоғам
Нұрғали Нүсіпжан, Бибігүл Төлегенова: Тоқаев бірқатар мәдениет өкіліне мемлекеттік стипендия тағайындады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:52
- 46
Бірқатар мәдениет өкілдеріне стипендия тағайындалды.
Президент 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілсін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 желтоқсан
№ 269", - делінген өкім мәтінінде.
Мемлекеттік стипендия алған мәдениет өкілдерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.


