Қоғам
Астанада аялдаманы бүлдірген адам жаңа жылды қамауда қарсы алады
- автор Томирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
- 546
Астанада ер адам автобус аялдамасының әйнегін бүлдірді.
Астанада автобус аялдамасын бүлдірген адам ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кенесары көшесінде кешкі уақытта белгісіз ер адам автобус аялдамасының әйнегін сындырып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын масаң күйде аялдама павильонының "беріктігін сынап көрмек" болған.
"Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 20 тәулікке қамау жазасы тағайындалды", - деді ІІМ өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Мектептегі сабақтардан тау трассаларына дейін: Алматыдағы балалар үшін жаңа мүмкіндіктер
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2026
Қоғам
Атырауда бір отбасының жоғалуы: хакердің ісі сотқа жолданды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2026




