Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Екі көзін күйдіріп алған”: Павлодарда жасөспірімдер петардалар мен отшашулардан жарақат алды

“Екі көзін күйдіріп алған”: Павлодарда жасөспірімдер петардалар мен отшашулардан жарақат алды
Сурет: babysecurity.ru
Жаңа жыл түні отшашудан жарақат алған жасөспірімдер ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда Жаңа жыл күні төрт адам жарылғыш петардалар мен отшашулардан жарақат алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Отшашу салдарынан жарақат алған 16 жастағы қыз ауруханаға жеткізілген.

"Жаңа жыл түні басталғаннан 28 минуттан кейін қоңырау түсті. Отшашу жарылысының салдарынан кәмелетке толмаған қыз кеудесін күйдіріп алды. Қыз бала Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деп хабарлады Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Жаңа жыл түні 15 жастағы баланың екі көзі мен қолынан күйік алып, ауруханаға жатқызылды.

Қала маңындағы Кенжекөл ауылында 33 жастағы ер адам жарылғыш заттан жарақат алған. 18 жастағы Павлодар тұрғыны да Жаңа жылдық отшашу салдарынан ауруханаға жеткізілген. 

Павлодар облыстық жедел медициналық көмек қызметі бастығының орынбасары Ирина Мищенко тұрғындарға отшашулардың өте қауіпті болып саналатынын еске салды.

"Бұл олардың көру қабілетіне немесе қол ептілігіне зиян келтіруі мүмкін. Негізгі қателіктер – отшашуды жаққаннан кейін қолында ұстап тұру және отшашудың атылғанын тексеру. Адамның реакция уақыты зарядтың жарылу жылдамдығынан айтарлықтай баяу", – деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар