Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“11 448 өтініш түсті”: тәртіп сақшылары жаңа жыл түні қалай өткенін айтты

“11 448 өтініш түсті”: тәртіп сақшылары жаңа жыл түні қалай өткенін айтты
Сурет: Polisia.kz
Тәртіп сақшылары 31 желтоқсан түні мен 1 қаңтарға қараған таңы қалай өткенін мәлімдеді.

Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жалпы жаңа жыл түні көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

31 желтоқсан таңынан 1 қаңтар таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнде келіп түскен. 

Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар отшашу пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ, аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады.

Түскен барлық өтінішке полиция қызметкерлері уақтылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажет шараларды қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар