Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау облысында бүтін бір отбасы 2 айдан бері жоғалып кетті

Атырау облысында бүтін бір отбасы 2 айдан бері жоғалып кетті
Атырау ПД
Атырау облысында полиция қызметкерлері бүтін бір отбасын іздеп жатыр. Олар қарашадан бері байланысқа шықпаған.

Отбасының жоғалғаны туралы 25 желтоқсанда белгілі болды: Атырау тұрғыны полицияға арызданған. Ол бауырының отбасымен, жұбайы және екі ересек баласымен бірге, бір айдан аса уақыт байланысқа шықпай қойғанын айтқан.

Отбасы Қызылқоға ауданының Жангелді ауылында тұрған. Былтыр қарашада олар үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Алдын ала дерек бойынша, отбасы республиканың оңтүстік өңірлеріне бет алуы мүмкін.

"Отбасының қайда екенін анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажет шараны қабылдап жатыр. Өзге өңірлердің полицейлері де бағдарланды. Қолдағы ақпаратқа сәйкес, ерлі-зайыпты және олардың 33 және 35 жастағы екі ересек баласы елдің оңтүстік аймақтарына бағыт алуы мүмкін", – деп хабарлады Атырау облыстық ПД.

Іздестіріліп жатқан төрт ересек адам:

Отағасы;

Оның жұбайы;

33 және 35 жастағы екі баласы.

Полиция жоғалғандар туралы қандай да бір ақпарат болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды:

98-20-78

98-20-88

+7 701 304 0012

Желтоқсанның аяғында Атырауда үш адам газдан уланып қайтыс болғаны хабарланған еді: қарт ерлі-зайыпты және олардың туысы.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар