Қаңтар оқиғасыда күйеуінен айырылған келіншек: Оны жоқтауға мұршам болмады, денесін іздедім (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- Бүгін, 10:27
- 1
Алматыдағы Қаңтар оқиғасы кезінде Гүлбақыт Баекенова күйеуі Сәкен Битайдан айырылған еді. Гүлбақыт журналистика мамандығы бойынша білім алып, осы салада еңбек етіп жүрген екі баланың анасы еді. Күйеуі енді танылып кележатқан режиссер Сәкен Битай болатын. Алматыдағы Қаңтар оқиғасы енді аяққа тұрып кележатқан жас отбасының шаңырағын шайқалтты. Жалғыз ұлының қолында тұратын ананы қара жамылтты...
Гүлбақыт Баекенова қанды қырғында Алматы көшелерін жалғыз аралап, күйеуінің денесін шарқ ұра іздеген батыр әйел. Ол 2022 жылы 3-7 қаңтар аралығында басынан кешкен, Алматыда көзімен көрген жағдайды есіне алды. Сөзінше сол бір азалы Қаңтардың болғанына 4 жыл өтсе де, Гүлбақыт оқиғаны баяндай отырып аяғының дірілдеп, денесінің тітіркеніп кеткенін айтты. Өйткені сол күндері Алматы көшелері қара түтінге толып, ғимараттар өртеніп, қару ұстаған түрлері суық адамдарға толы еді...


