Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Альмираның бұл мәселеге қатысы жоқ»: Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді

«Альмираның бұл мәселеге қатысы жоқ»: Ақан Сатаев бұрынғы әйелінің сұхбатына жауап берді
Сурет: Qysqa Söz
Ақан Сатаев бұрынғы әйелімен ажырасуына Альмира Тұрсынның еш қатысы жоқ екенін айтты.

Танымал режиссер Ақан Сатаев экс-жұбайы Назира Бақаеваға жауап берді.  Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Режиссердің айтуынша, бұрынғы әйелімен ажырасуына актриса Альмира Тұрсынның ешқандай қатысы жоқ.

“Біздің ажырасуымыздың себептері нақты бөлек шығудан және некенің ресми түрде бұзылуынан әлдеқайда бұрын қалыптасқан. Бұл тек біздің жеке келіспеушіліктерімізге байланысты. Басқа кісілер ажырасуға себеп те, сылтау да болған жоқ. Ажырасуға дейін де, кейін де Назира басқа бір адамды себеп ретінде атаған емес. Соның ішінде Альмира да бұл мәселеге қатысы жоқ. Қазіргі мәлімдемелер мен үшін де күтпеген жағдай болды және олар қоғамдық пікірге манипуляция жасау әрекеті секілді көрінеді”, – деп жазды ол.

Ақан Сатаев балаларға қатысты барлық шешім алдын ала келісілгенін айтты. Сонымен бірге, Назираға балалармен бірге үйде тұра беруді бірнеше рет ұсынған, алайда бұрынғы жары бөлек тұруды өзі қалаған.

“Балаларды тәрбиелеу, тұрмыс жағдайы және қарым-қатынас мәселелері біз бен балалар арасында алдын ала талқыланған", – деді режиссер.

Айтуынша, бұрынғы әйеліне әлі де қаржылай қолдау көрсетіп келеді.

“Назираның таңдауы бойынша үш бөлмелі пәтер сатып алып, жеке меншігіне бердім, автокөлікті қалдырдым және қаржылай қолдау көрсетуді жалғастырып келемін”, – деп жазды ол.

Ақан Сатаев ажырасқаннан төрт жылдан кейін ғана Альмирамен ресми түрде некеге тұрғанын жеткізді.

“Бұл шешім балаларымыз бен жақындарымыздың келісімімен қабылданды. Біздің отбасымыздың барлық мүшесі қазір өзара сыйластық пен мейірімге негізделген байланыс қалыптасты ”, – деді ол.

Режиссер ендігіде отбасылық мәселені әрі қарай талқылауды жоспарламайтынын мәлімдеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар