Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр Серік Жұманғариннің отбасы 88 миллионнан аса теңге табыс тапқан

Министр Серік Жұманғариннің отбасы 88 миллионнан аса теңге табыс тапқан
Сурет: primeminister
ҚҚС көтеруді қолдаған министр Жұманғариннің отбасы 88 миллион теңге табыс тапты.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысы туралы мәліметтерді жариялады. Деректер ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Декларацияға сәйкес, 2024 жылы отбасының жалпы табысы 88 678 984 теңгені құраған. Қаражат дивидендтер мен сыйақылардан түскен. Бұл сомаға министрдің жалақысы кірмейді. Табысты Жұманғариннің жұбайы – Сәния Садықова декларациялаған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы журналистер Жұманғариннен Ақтөбедегі он пәтері туралы сұраған болатын. Ол сол кезде бұл жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қызметке келгенге дейін оның компаниясы салғанын түсіндірді.

Желтоқсанда Жұманғарин өзін салық реформасының "әкесі" атап, соған жауапты деп жариялаған болатын. Алайда, егер Салық кодексі орындалмаса, оның отставкаға кетуі туралы шешімді өзі емес, президент қабылдайды.

Қазірге дейін Жұманғарин жариялау мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан 2024 жылға арналған декларациясын жариялаған жалғыз жоғары лауазымды шенеунік болып отыр.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің есеп беруіне қатысты талаптар жеңілдетілген болатын. Енді декларация тапсырушының және оның жұбайының аты-жөні, салықтық кезеңі мен табыстың жалпы сомасы ғана жарияланады. Ал шоттар, жылжымайтын мүлік пен активтер туралы ақпарат жарияланбайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар