«Қар, көктайғақ»: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
- 179
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жасалды. Еліміздің кейбір өңірлеріне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі,
Астанада қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қостанай облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, шығысында тұман.
Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, түнде облыстың батысында қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.




