Қоғам
Осы жылы қазақстандық зейнеткерлер үкіметтен 4 трлн 890 млрд теңге ақша алады
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
- 60
Зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша бөлінді.
2026 жылы қазақстандықтарға кепілді зейнетақысы мен жәрдемақыларын төлеу үшін үкімет бюджеттен 6 трлн 783 млрд теңге ақша бөлінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты мәлім етті.
Бұл ақшаның 4 трлн 890 млрд теңгесі – зейнетақыға, ал, 1 трлн 893 млрд теңгесі әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады.
Қалған ақша мүгедектігі бар азаматтардың протезі мен оңалту шараларына бағытталуы тиіс.




