Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Апамның шәйі Premium gold", "БАЛҚИЯ Premium gold": еліміздегі танымал кейбір шайлардың құрамынан қауіпті қоспа табылды

"Апамның шәйі Premium gold", "БАЛҚИЯ Premium gold": еліміздегі танымал кейбір шайлардың құрамынан қауіпті қоспа табылды
Сурет: therapy.school
Кейбір шай маркаларының құрамынан қоспа табылды.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен еліміздегі қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға шектеу енгізілді. Олар қауіпсіздік талаптарына сай емес, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар ( E110, E102, E124) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталған, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.

Бұдан бөлек, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы тергеулер барысында шай қаптамаларында шай өндірісі мен қапталуында расталмаған мекенжайлардың көрсетілгені анықталған, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.

Мына қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынды:

  • "Апамның шәйі Premium gold", Al-Hayat Golg, "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі – Orda Trade Astana ЖШҚ (Алматы облысы);
  • Sultan Suleyman, Pakistan tea, өндірушісі – Real Trade Astana ЖШҚ (Астана қ.)
  • "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі – "Аль-Хадия" ЖҚ (Алматы қ.);
  • Aje Onim, өндірушісі – "Орда Чай" ЖҚ (Алматы қ.) "Кальций" ЖШС тапсырысы бойынша:
  • Al-Hayat Golg, өндірушісі – Empire KENIY E.P.Z. Limited (Алматы облысы);
  • Al-Jannat Premium, өндірушісі – Ferdaus ЖҚ (Алматы қ.);
  • Alfarah (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар