Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ағамыздың малдарын сата бастаған»: Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы мәлімет пайда болды

«Ағамыздың малдарын сата бастаған»: Атырауда жоғалып кеткен отбасы туралы мәлімет пайда болды
Сурет: Атырау полиция департаменті
Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы жаңа мәліметтер айтты.

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа деректер шықты. Үй иесі Мақсот Мұқанғалиевтың қарындасы Асила Мұқанғалиева күйеубаласына үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде өзін атыраулық IT-маман, «хакер» ретінде таныстырған азамат жоғалып кеткен отбасының ұлы Наурызға тіркелген SIM-карталар әлі де қолданылып жатқаны туралы айтады. Бұл нөмірлер арқылы WhatsApp мессенджеріне тәулігіне бірнеше мәрте кірілген, ал геолокациялық деректер Өзбекстан аумағын көрсеткен.

Отбасының қарындасының айтуынша, інісі Атырауға жұмысқа кеткенін айтқан. Арасында туыстарымен сөйлесіп тұрған екен. Алайда кейіннен мүлдем жауап бермей кеткен.

«Біз хабарласып ағамызды сұрағанымызда тек смс-пен жауап береді. Қайдасыңдар деп сұрасақ, ағамыз жеңгемізді емдетіп жүргенін ғана жазды. Ауылда малды сатып жатыр деген сыбыс шықты. Содан біз іздеу жарияладық. Сөйтіп үйдегілер барса, малды басып жатқан жерінен көріп қалады. Содан арыз түсіріңдер дедік. Миялы қабылдамаған соң Атырауға келіп арыз жазады. Ауылдың адамдары олардың жоқ екенін қарашада байқаған. Ал Наурыз Атырауға жұмысқа кеттім деп кетіп қалған»

Әйел күйеубаласынан күдіктенетінін айтады. Өйткені оның ата-анасы ұлдарына іздеу жарияламаған.

«Біз құдағидың үйіне барып, олардан қызымыз қайда деп сұрадық. Сөйтсек, қарашада оны емдетуге алып кетті деді. Оларға соңғы рет 11 қарашада сөйлескен. Ақбаянның төртінші баласынан кейін ауырып жүрген. Бірақ бұрын ауырмаған қыз еді. Соңғы баласында ауырып қалған соң басынан кішкене дұрыс болмады. Содан кейін күйеубала қызды бізге көп көрсетпейтін болды. Телефон соқсақ, қыз алмайды. Кейін күйеубаладан сұрасақ, жақсы деп ғана жауап береді. Біреу жеңгемнің карточкасын пайдаланып жатқанын айтады. Малдары сатылған, ол ақша ағамның атына каспий голд карточкасына түсікен», - дейді ол.

Айта кетсек, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының тұрғыны бір айдан аса бауыры және оның отбасымен байланыса алмай жатқанын айтып, полицияға арыз түсірген. Қызылқоға ауданы, Жангелді ауылында тұратын отбасы өткен жылдың қарашасында жоғалып кеткен.

Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар