Зейнетақы қорынан заңсыз 200 миллиард теңге шығарған: 42 стоматологиялық клиника анықталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 қаңтар, 2026
- 277
Қазақстанның Қаржы мониторинг агенттігі қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын заңсыз шығарған стоматологиялық клиникаларға тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҚМА мәліметінше, зейнетақы жинағы стоматологиялық қызмет көрсету туралы шарттар жасасу және кейін жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы алынған.
"Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған. Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден аса қаражат алынған. Қылмыстық жолмен келген табысқа күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, оны жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан", - деп жазылған хабарламада.
Агенттік мәліметінше, он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынған, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
«Сонымен қатар жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы – 30 миллион теңге», - деп мәлім жасады Қаржы мониторинг агенттігі.
Бұл деректер бойынша соталды тергеп-тексерулер басталған.




