Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда тағы бір сарбаз әскерге шақырылғанына бір ай өтпей қайтыс болды

Қазақстанда тағы бір сарбаз әскерге шақырылғанына бір ай өтпей  қайтыс болды
ашық дереккөзі
Сарбаз Шымкенттегі әскери бөлімге Тараз қаласынан келген.

Шымкентте 6506 әскери бөлімінің қатардағы сарбазы Амалбеков Данияр 6 қаңтарда көз жұмды. Марқұм әскерге Тараз қаласынан шақыртылған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Ұлттық Ұланның мәлімдемесін қаз-қалпында жариялап отырмыз.

«Мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен.

2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз».

Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшылығы мен жеке құрамы орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.»,- делінген ресми хабарламада.

Марқұмның туыстары оның ауруханаға түскені туралы бірнеше аптадан кейін ғана білгенін айтады. Алғашында "пневмония" делініп, кейін "емделіп шықты" деген ақпарат берілген.

Туыстары "Сау бала әскерге кетіп, бір айдан кейін табытпен оралды" деп отыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар