Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық белгілі көріпкел Атыраулық отбасының қызы да мерт болғанын болжады

Қазақстандық белгілі көріпкел Атыраулық отбасының қызы да мерт болғанын болжады
Инстаграм
Көпіркел: Қыз бала да сол маңда жатыр...

Атырауда із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты болжам жасаған белгілі экстрасенс Камрян Самедов бұл іске байланысты көңіл көншітпейтін мәлімет айтқан. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбілқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Журналистің мәліметінше, экстрасенс жоғалған отбасыға қатысты үміт сыйлайтын ешқандай дерек келтірмеген. Айтылған ақпараттың мазмұны тым ауыр болғандықтан, оның толық нұсқасы көпшілікке жарияланбаған.

«Белгілі экстрасенс Камрян жоғалған отбасы жайлы жағымды ештеңе айтпады. Қорқынышты… Мұндай ақпаратты жұртқа жеткізуге менің де жүрегім дауаламады», – деп жазды журналист.

Сонымен қатар, көріпкел Айгүл де бұл оқиғаға қатысты өз болжамын білдірген. Оның айтуынша, қыз баланың сол аумақтан табылуы мүмкін.

«Кеше қаралы хабарды естідім, иманды болсын. Менің көруімше, қыз бала да сол маңда. Қазір үш адамды көріп тұрмын. Ал ер балаға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді ол.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар