Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы өсті

Қазақстанда бензин мен дизель бағасы өсті
Сурет: nashgorod.ru
Мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизель отынының бағасын көтерді.

Елімізде мұнай өңдеу зауыттары бензин мен дизель отынының бағасын көтерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

LS мәліметінше, жанармай құны орта есеппен 2 пайызға өскен. Бағаның өсуіне мұнай шикізатының қымбаттауы себеп болған.

Маңғыстау облысында мұнай бағасы бірден 11,5 пайызға көтеріліп, тоннасы 114,3 мың теңге болған. Қызылорда облысында өсім 8,7 пайызды құрап, баға 116,6 мың теңгеге жетті. Ал Ақтөбе облысында бір тонна шикі мұнай 4,5 пайызға қымбаттап, 120,4 мың теңгеден сатылған.

Соңғы бір жылда бензин бағасы 19,3 пайызға өскен.

Мамандардың айтуынша, мұнай бағасының өсуі тоқтамаса, жанармай құны алдағы уақытта да қымбаттай түсуі мүмкін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар