Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде кейбір азаматтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін

Елімізде кейбір азаматтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін
Сурет: ortcom.kz
Қазақстанда кейбір азаматтар зейнеткерлікке ерте шығуы мүмкін.

Елімізде кейбір азаматтардың зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесте агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспары талқыланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Құжатта саланы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар қарастырылған. Мал шаруашылығында еңбек ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету ұсынылады. Соның ішінде:

• Зейнет жасын төмендету: Құжатта шопандар мен бақташылардың зейнетке шығу жасын қысқарту мүмкіндігі қарастырылған.

• Әскери қызметтен босату: Мал шаруашылығында жүрген жастарға мерзімді әскери қызметті кешіктіру ұсынылуда.

• Білім гранттары: Осы салада еңбек ететін азаматтардың балаларына жоғары оқу орындарына түсу кезінде басымдықты гранттар бөлу жоспарланған.

Министрлік мәліметінше, бұл бастамалар салада еңбек етіп жүрген мамандарды қолдауға және кадр тапшылығын азайтуға бағытталған.

«Мал шаруашылығы өкілдеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері, соның ішінде зейнет жасын төмендету мен әскери қызметтен кейінге қалдыру тетіктері жан-жақты қарастырылып жатыр», — делінген министрлік хабарламасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар